Advanced Junior School – болашақ ұрпаққа сапалы білім беру және көшбасшылықты дамыту үшін сіздің платформаңыз. Көкшетау қаласындағы жеке мектебімізде тілді тереңдетіп оқытуға және оқушылардың көшбасшылығын дамытуға баса назар аудара отырып, оқытудың инновациялық әдістерін енгіземіз.
Оқу – бұл жай ғана уақыт емес, болашаққа салынған инвестиция деп есептейміз, сондықтан әрбір оқушыға жеке көзқарасты қамтамасыз етеміз. Біз әр баланың ерекше даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін ашуға тырысамыз. Advanced Junior school мектебінде біз шәкірттеріміздің дарындылығын толық ашуға көмектесетін әртүрлі іс-шараларды ұсынамыз, ал біздің толық күндік мектебіміз жайлы оқу және тәрбиелеу ортасын қамтамасыз етеді.
Заманауи кабинеттеріміз, төрт мезгіл тамақтану және мектепте үй тапсырмаларын орындау,оқу процесін тиімді әрі оқушыларға ыңғайлы етеді.
Біз білім беруді тұлға дамуының негізгі құрамдас бөлігі ретінде бағалаймыз, сондықтан біз жеке шкафтарды, қауіпсіздікті, мектеп формасын ұсынып,және т.б. қоса көптеген қызметтер мен ыңғайлылықтарды ұсынамыз.
Біздің мектепте интерактивті тақталар, жабдықталған спорт залы, кең аудиториялар, кәсіби мұғалімдер , сондай-ақ медициналық кабинет пен оқушыға психологиялық қолдау көрсетіледі.
Біз жай ғана білім беруді ғана емес, сіздің балаңыздың қоғамдағы белсенді өмірге дайын болуына көмектесетін кешенді тәсілді ұсынамыз. Әр бір балаға оқудан ләззат алатындай Advanced Junior мектебіне қош келдіңіздер!